ЕО елдері газды үнемдеудің төтенше жоспары туралы келісті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссельде өткен ЕО елдерінің энергетика министрлерінің арнайы кездесуінде Еуроодақ мемлекеттерінің газ тұтынуды азайту жөніндегі төтенше жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Еуропалық одақ елдері газ тұтынуды азайту бойынша төтенше жоспар туралы келісті. Сейсенбі, 26 шілдеде ол Брюссельде ЕО елдерінің энергетика министрлерінің арнайы кездесуінде көпшілік дауыспен мақұлданды», - деп хабарлады Чехия ЕО жанындағы өкілдігі.

Чехия Еуроодаққа төрағалық етеді.

Жаңа жоспардың мақсаты – Ресейден газ жеткізуді толығымен тоқтату нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту. Дипломатиялық орталардағы дереккөздердің хабарлауынша, Еурокомиссия ұсынған жоспар 2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде ұлттық газ тұтынуды 15% азайтуды көздейді.


Фото: dw.com




Соңғы жаңалықтар