ЕО астанасында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгиядағы Қазақстан елшілігі Еуропалық Азиялық зерттеулер институтымен (European Institute of Asian Studies) бірлесіп, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың болашағы» атты халықаралық конференция өткізді.

Іс-шараға Еуропа сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропа Парламентінің, Еуропа комиссияның, Энергетикалық Хартия хатшылығының өкілдері, Бельгияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлері, Брюссельдің академия және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіе сілтеме жасап.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан конференция қатысушыларына арналған сөзінде егемен еліміздің 30 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі жетістіктерін, сондай-ақ сыртқы саясаттағы жетістіктерін атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен елді одан әрі саяси жаңғыртуға басты назар аударылды.

Қазақстанның болашағы туралы айта келе, М.Баймұхан Мемлекет басшысы бастамашылық еткен іске асырылып жатқан саяси реформалардың орны толмас сипатқа ие екенін және елдегі азаматтық қоғамды одан әрі нығайтуға алып келетінін атап өтті. Осыған байланысты, ол қазақстандық жастардың маңызды рөлін және олар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат 15 мыңнан астам жас қазақстандықтың «Болашақ» президент бағдарламасының арқасында әлемнің беделді жоғары оқу орындарында білім алуын еліміздің үлкен жетістігі деп атады.

Ол іс-шара қонақтарына Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшылығы, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің және Астана Саммитін өткізуіміздің, Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануымыздың, сондай-ақ ел басшылығының түрлі халықаралық мәселелер бойынша бітімгерлік рөлінің заманауи дипломатия тарихындағы маңызды кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Біздің еліміздің Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының перспективалары туралы айта отырып, М.Баймұхан Президент Қ.Тоқаевтың таяудағы Брюссельге ресми сапары кезінде көрсетілген қарым-қатынастардың өте жоғары серпіні мен сапалы деңгейін атап өтті. Ол сапар барысында жасыл экономикаға көшу, сауда және инвестициялар, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, Орталық Азияда тұрақты даму жобаларын іске асыру және өңірлік қауіпсіздік мәселелері сияқты ынтымақтастықтың нақты басым салалары белгіленгенін атап өтті.

ЕСІҚ атынан сөз сөйлеген Ресей, Шығыс серіктестігі, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ бойынша директордың кеңесшісі Борис Ярошевич Қазақстанның дамуына жоғары баға беріп, оны ЕО-ның маңызды және сенімді серіктесі деп атады.

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде үлкен прогреске қол жеткізді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен және 2019 жылдан бастап Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен сіздің еліңіз ішкі реформалар мен саяси жаңғыру процесінің өршіл жолына түсті», - деп атап өтті ол.

Б.Ярошевич Қазақстан Еуроодақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойған ОА өңіріндегі алғашқы ел болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ осы жыл Президент Қ.Тоқаевтың сапары және басқа да жоғары деңгейдегі сапарлар ықпал еткен Қазақстанмен қарым-қатынаста серпінді болғанын атап өтті. Еуропалық дипломат Ауғанстаннан Алматыға UNAMA қызметкерлерін көшіру бойынша көрсеткен көмегі және АИР-ға гуманитарлық көмек көрсету бойынша күш-жігері үшін алғысын білдірді.

Брюссель Дипломатиялық академиясының кеңесшісі Жан де Брабандер қонақтардың назарын дағдарыс кезінде «қауіпсіздік жастығы» ретінде қызмет ететін Ұлттық әл-ауқат қорын құрған ел басшылығының стратегиялық және көреген саясатына аударды. Ол сондай-ақ көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша елдің өзіне қабылдаған міндеттемелерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Президент Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүргізіп жатқан реформаларына оң баға берді.

Энергетикалық Хартия хатшылығының өкілі Марат Тертеров тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап инвесторларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ел басшылығының экономикалық саясатын ерекше атап өтті.

Оның пікірінше, мұндай саясат ел экономикасына шетелдік инвестициялардың үлкен ағымын қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде елдің дамуына қуатты серпін берді. Ол сондай-ақ көпвекторлы сыртқы саясат Қазақстанның Ресеймен де, Батыс елдерімен де бірдей жақсы қарым-қатынас орната алған халықаралық аренадағы табысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын мәлімдеді.

Іс-шара қонақтарына Президент Қ.Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық реформалары, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі, климаттың өзгеруімен күрес және т. б. туралы ақпараттық материалдар таратылды.


Соңғы жаңалықтар