Энтони Блинкен Қазақстанға келіп, Мұхтар Тілеубердімен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республиканың өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.

Жалпы, «С5+1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударады.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанынан 3 наурызына дейін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарлайтындығын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар