Энрике Иглесиас Өзбекстанда концерт береді - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Өзбекстанда концерт береді. Бұл туралы өзбек БАҚ-тары жазып жатыр.

Иглесиастың концерті Ташкенттегі «Истиқлол» өнер сарайында 28 желтоқсан күні өтетіні белгілі болды. «Daryo» интернет басылымының хабарлауынша, концерттің билеттері сатылымға шығарылмайды.

Көрермендердің барлығы қонақ ретінде арнайы шақырылады. Әлемге танымал әншінің концертіне шақыру билеттері Өзбекстан Мәдениет министрлігі, Жастар одағы, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктер арқылы белсенді жастарға, үлгілі оқушылар мен студенттерге беріледі.

Энрике Иглесиастың Ташкентке гастроліне орай, өзбекстандық белгілі юморист Обид Асамовтың сол сарайда 28 желтоқсан күні басталуы тиіс үш күндік концерті бір күнге шегерілген.

Айта кетейік, «Истиқлол» («Тәуелсіздік») сарайы 3932 көрерменге арналған.

Соңғы жаңалықтар