USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Энканто: Қазақша аударылған 38-ші мультфильм прокатқа шығады

2021 жылғы 23 қараша 03:00
Бөлісіңіз:
Энканто: Қазақша аударылған 38-ші мультфильм прокатқа шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмінің тұсуы кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әділхан Ержановтың «Штурм» фильмі Rotterdam халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

«Энканто» жаңа музыкалық фэнтези фильмі – режиссер Байрон Ховард пен Джаред Буштың сценарист Чариз Кастро Смитпен бірдесе жасаған Disney студиясының 60-шы фильмі.

Фильмнің саундтректерін «Моана» және «Коко құпиясы» әйгілі анимациялық фильмдерінің әндерінің авторлары жазған.

Мультфильм сиқырлы отбасында дүниеге келген 15 жасар Мирабел Мадригалдың өмірін баяндайды.

Оқиға Колумбия тауларында жасырынған Энканто деп аталатын жерде өтеді.

Мультфильмнің атауына да себепкер болған Энканто – таңғажайып оқиғалар орын алатын сиқырлы мекен.

«Энканто» - қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 38-ші фильм.

Фильмнің премьерасы 25 қарашада өтеді.

Голливуд киностудияларының отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалды.

Колумбия тауларындағы оңаша сиқырлы үйде тұратын таңғажайып отбасы балаларының әрқайсысының керемет қабілеті бар. Күндердің күнінде осы отбасында Мирабел деген қыз дүниеге келеді және оның бойында ешқандай ерекше қабілеттің жоқ екені белгілі болады. Алайда, кенеттен Энканто жеріне қауіп төніп, Мирабел соңғы үмітке айналады. Бірақ бойында ешбір ерекше қабілеті жоқ қыз өз қаласы мен отбасын сақтап қала алар ма екен?


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT