Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ
2022 жылғы 25 қаңтар 14:09

Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласында жаппай электр энергиясы өшкен кезде шаһар ауруханаларында жарық сөнген жоқ. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда ауруханалардың ешқайсысы жарықтан ажыратылған жоқ. Олар электрмен қамтамасыз етудің басқа схемалары арқылы «қоректенеді». Электр энергиясын жеткізуде қандай да бір ақаулар болған жағдайда олар автономды электр энергиясы – дизельдік генераторларды өндіруді қамтамасыз етеді»,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Алматыда түскі сағат 12:00 шамасында электр жарығы сөнді. Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.

Сондай-ақ электр жарығымен ақаулар Қызылордада облысында да туындағанын жазған едік.

«KEGOC» компаниясының мәліметінше, электр энергиясы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өшкен.


Jańalyqtar

MURAǴAT