Энергия ресурстары құнының өсуі рубль бағамын нығайтты – ҚР Ұлттық банкі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергия ресурстары құнының өсуі рубльдің нығаюына ықпал етті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рубльдің нығайғаны байқалып отыр. Ресей валютасы тек теңгеге қатыста ғана емес, сонымен қатар басқа да валюталарға қарағанда нығайды. Бұған екі негізгі фактар ықпал етті. Бірінші фактор - ол энергия ресурстарына бағаның өсуі. Ресейдің негізгі экспорттық тауарларына, яғни мұнай мен газдың құны өсті», - деді Ә. Молдабекова.

Оның айтуынша, екінші негізгі себеп РФ Орталық банкі жүргізетін капитал бойынша шектеулерге байланысты болып отыр. Бұл қадамдар шетел валютасына сұранысты шектейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде сақтауға қатысты пікір білдірді.

Жылдық мәнде инфляция мамырда 14 пайызға жетті.

Сонымен қатар Ғ. Пірматов осы жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны 13-15 пайыз деңгейінде болуы мүмкін екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар