Энергия өндіру секторы үшін тарифтерді есептеу әдістемесін өзгерту қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордада еліміздің Электр энергетикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның электр энергетикалық саласының ұзақ мерзімді даму стратегиясы» тақырыбында энергетикалық форум өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Электр энергетикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаевтың айтуынша, энергия өндіру секторында орын алып отырған объективті проблемалар  энергия өндіруші компаниялар қызметін айқындайтын заңнамалық және нормативтік актілердің кемшіліктері салдарынан тереңдей түсуде. Тариф  құрылымдау тетіктерінің жетілдірілмеуінен саланы жаңғыртуға, есепке алу құралдары мен өзге де құрал-жабдықтарды жаңартуға инвестиция салу мүмкіншілігі шектеліп отыр.

«Энергия өндіру секторы үшін тарифтерді есептеу әдістемесі жылдың соңында алынған кірісті тарифті төмендетуге, ал шығынды келесі кезеңде қайтаруды көздейді. Осылайша, дәл осы әдістеме кіріс алу мақсатында кәсіпорын қызметін ұйымдастыруды көздейтін кәсіпкерліктің негізгі принциптерін бұзады. Бәсекелестік принципінің өзі де бұзылып отыр. Сондықтан қазіргі уақытта бөлшек нарықта бизнесті тарту үшін қолайлы орта құру қиын», - деді ол.

Форумға қатысушылар, электр энергетикасын инновациялық дамыту, энергия өндіруші ұйымдарды, энергия таратушы компанияларды ірілендіру, жылумен қамтамасыз ету, жаңартылатын қуат көздері сынды өзекті мәселелерді талқылауда.

Соңғы жаңалықтар