Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды - комитет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының сауда сөрелеріндегі энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Аталған комитет Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша «Кофеинмен және тауринмен Flash up energy» (163,3 мг/л) және «Monster Energy» (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады.

Сусындарды өндірушілер «Балтика» «Сырақайнату компаниясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және «Refresco Benelux B.V» (Нидерланды Корольдігі) компаниясы болып табылады. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін, тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады. Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Жүктілік кезінде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл зат аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда консерванттың артық болуы локализацияланған қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілерді тудыруы мүмкін. Натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін, бұл өздігінен қауіпті. Бұл әсіресе жасөспірімдерге қатысты.

Комитет Ресейдің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне» (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.


Соңғы жаңалықтар