Энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға «KEGOC» 118,9 млрд. теңге қаржы бөлмек - Е.Досаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға «KEGOC» акционерлік қоғамы 118,9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлмек. Бұл туралы бүгін Құрманғазы атындағы консерватория студенттерімен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.

Министр Шығыс Қазақстан мен Алматы өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру және Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзитті күшейту мақсатында «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВт транзитін салу» жобасы іске асырылатынын жеткізді.

«Бұл жоба екі кезең бойынша: Екібастұз-Семей-Өскемен бағыты және Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағыты бойынша жүзеге асады.

Жобаға «KEGOC» акционерлік қоғамы 118,9 млрд. теңге көлемінде инвестиция салады. Бұл жобаны пайдалануға берумен Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі арасында электр энергиясын беру желілерінің өткізу қабілеті 2100 МВт жетеді (шамамен жылына 14 млрд. кВт/с)»,- деді министр.

Аталған желі Қазақстанның оңтүстік облыстарына электр энергиясының қосымша көлемін қазіргі деңгейден жылына 4 млрд. кВт/с-қа артық өндіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар