USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

2022 жылғы 15 қаңтар 16:09
Бөлісіңіз:
Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР МСМ фристайл-могул жаттықтырушысын айыптауға қатысты пікір білдірді Алматы облысының антикор қызметі 2 адамға іздеу жариялап, фотоларын таратты

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT