Энергетика вице-министрі: Салынуы мүмкін АЭС-тің орны әзірге анықталған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанда салынуы мүмкін АЭС-тің орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом электр стансасын салатын алаң таңдап алынған жоқ. Салу мәселесі қаралып жатыр. Жүргізілген есептер Қазақстанның экологиялық кодексте қойылған міндеттерге қол жетікізуі үшін сыртқа қалдық тастамайтын жаңа генерация салу қажеттігін көрсетті.

Біздегі генерациялаудың негізгі бөлігі совет уақытында салынған. Жаңа салынғандары сондай көп емес. Сондықтан стансалардың ескіру проблемасы бар. Яғни жаңа генерациялар алу қажет. Көмірсутексіз генерацияға осы атом стансасы жатады. Сондықтан атом стансасын салу мәселесі қаралып отыр», - деді ол.

Айтуынша, әзірге салынуы мүмкін атом стансасының құрылыс алаңы, стансаның көлемі мен мөлшері анықталған жоқ.

«Менің ойымша нақты шешім биыл қабылданатын болуы керек», -деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар