Энергетика саласында инвесторлардың белсенділігін арттыру үшін не істеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвесторлардың белсенділігін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалған.

Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

«Қаулы жобасында осы қағидаларды пайдалану кезінде нақты түсіну үшін «ірі гидроэлектр стансасы» деген жаңа анықтама ұсынылады. Бұдан басқа, «Kaz PV» терминінің анық және әртүрлі түсіндірілуіне жатпайтын мазмұнын қамту мақсатында «Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектр модульдері – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстандағы кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектр модульдері» деген жаңа анықтама ұсынылады» деп хабарлайды ведомстводан.

Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.


Соңғы жаңалықтар