Энергетика саласында бірыңғай цифрлық платформа құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев электр энергиясы саласына енгізетін ұсыныстарды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдері және электр энергиясы саласындағы биржалық сауданы тәртіпке келтіру, сондай-ақ бәсекелістікті одан әрі дамыту бойынша Президенттің берген тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті шараларды ұсынамыз: мұнай өнімдерін арнайы тауар биржасы арқылы кезең-кезеңімен сатуды жүзеге асыру үшін - электрондық сауда алаңдарына және тауарлық биржаға қойылатын талаптарды әзірлеу, сонымен қатар электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында энергия өндіруші ұйымдарды электр энергиясын орталықтандырылған сауда алаңы арқылы өткізуге міндеттейтін заңнамалық актілерді қабылдау», - деді министр Үкімет отырысында.

Мқнымен қоса, электр энергиясын жеткізушілерді еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларды қызмет жеткізушілермен байланыстыратын бірыңғай цифрлық платформаны құру ескерілген.

«Бизнес ахуалды жақсарту үшін бизнес субъектілерін электрмен жабдықтау жүйесіне қосуға арналған «бір терезе» қағидатын әзірлеуді ұсынамыз. Бұл шара электр желілеріне қосу рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар