Энергетика саласына жаңа инвестициялар қажет - Серікқали Брекешев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетикалық секторды дамытуға 205 млрд доллар инвестиция қажет. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі энергетикалық қорлардың жоғары тозуын ескере отырып, энергетикалық секторды 2060 жылға дейін жаңғырту шамамен 305 млрд АҚШ доллары инвестициясын тартуды талап етеді. Қосымша инвестицияларды тарту көмір стансаларын жаңғырту, бу-газ қондырғыларына көшіру және жасыл сутегін дамыту үшін қажет. Көміртекті ұстау және сақтау технологияларын енгізу үшін 37,5 млрд доллары көлемінде инвестиция қажет болады», - деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәлсхитында.

Ал Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков еліміздің энергетикалық қуаты 23 МВт-ты құрайтындығын, оның 53 пайызының тозығы жеткенін айтады.

Сол себептен 2009 жылдан бастап 4,5 мың МВт қуатты жаңғырттық. Дегенмен, қалған 40 пайызына инвестиция тартып, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуміз керек. Сол үшін инвестиция қажет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар