Энергетика министрлігіне келген азамат Алматы облысында гидроэлектр стансасы каскадын салуды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін 21 қарашасында ҚР Энергетика министрлігінде бірінші вице-министр Махамбет Досмұхамбетов «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні – жалпы республикалық іс-шара» шеңберінде азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство басшылығымен кездесуге үш азамат жазылды.

«Кездесу барысында М. Досмұхамбетов маневрлік қуат көзін дамыту мақсатында Алматы облысында гидроэлектр стансасының каскадын салу мәселелерін қарастырды. Аталған сұрақтар бойынша өтініш берушіге «Электр энергетикасы» туралы әзірленіп жатқан заңға енгізілетін маневрлік генерацияны қолдауға бағытталған түзетулер түсіндірілді. Осы орайда, аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігі жанындағы жалпы электр энергетикасы бойынша ұсынымдар беретін тұрақты жұмыс тобының шеңберінде бұдан әрі қарастырылатын болады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Барлық қатысушылар бірінші вице-министр тарапынан және министрліктің салалық құрылымдық бөлімдерінің басшыларынан білікті түсіндірмелер алды.

Сонымен қатар басқа орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне қарайтын, атап айтқанда білім, көмір өндірісі және экология салаларына қатысты сұрақтар қарастырылды, бұл сұрақтар бойынша М. Досмұхамбетов азаматтарға ұсынымдық сипаттағы түсіндірме жауаптар берді.

Соңғы жаңалықтар