Энергетика министрлігінде Қазақстанда ЖЭК секторын одан әрі дамыту мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторын одан әрі дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске «КОРЭМ» АҚ, «ЖЭК жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, «KEGOC» АҚ, Азия Даму Банкі, «ЖЭК инвестициялау тәуекелдерін төмендету» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта Министрлік ЖЭК бойынша заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге түзетулер топтамасын әзірлеуде.

Осыған байланысты, ЖЭК секторын дамытуды және электр энергетикасы саласындағы ағымдағы жағдайды жақсартуға бағытталған түрлі бастамалар талқыланды.

Бірінші кезекте, Министрлік орта мерзімді кезеңге электр энергиясын жинақтау жүйесі бар ЖЭС жобалары үшін пилоттық аукциондар әзірлеуге дайындығын білдіреді.

Бұл шаралар сектордағы инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және ЖЭК дамытудың орта мерзімді перспективаға арналған көлемдері бойынша айқындылық беруге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар