Энергетика министрлігі Түркия жағалауында жиналып қалған мұнай танкерлеріне қатысты түсініктеме берді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат –Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғаздарында мұнай тиеген танкерлер жиналып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін халықаралық және қазақстандық БАҚ-та Қазақстанның мұнайын тиеген танкерлер Түркия жағалауында бірнеше күн бойы қаңтарылып тұрғаны туралы мәлімет шыққан болатын. Ведомство осыған байланысты түсініктеме берді.

«Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту уақыты 6 күнге жетті. Қыс мезгілінде бұл қалыпты жағдай. Былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту уақыты шамамен 14 күн болған. Сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланып жатыр», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Еске салсақ, 5 желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енді.

Фото: finance.yahoo.com


Соңғы жаңалықтар