Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Энергетика министрлігі Талдықорғанда ет өңдеу зауытын салуға тыйым салды

2019 жылғы 18 сәуір 22:34 663
Бөлісіңіз:
Энергетика министрлігі Талдықорғанда ет өңдеу зауытын салуға тыйым салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экологиялық департаменті Талдықорғанда ет өңдеу зауытын салуға тыйым салды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігінен хабарлағандай, сараптамаға Талдықорған қаласындағы Шығыс өнеркәсіптік аймағында «Ет өңдеу зауытын салу» жобасы қарауға келіп түскен. Жоба бойынша нысанды Қаратал өзенінен 638 метр жерге салу көзделген. Кәсіпкерлер тәулігіне 200 ірі қара мал және 1000 ұсақ мал сою үшін зауыт салуды жоспарлаған. Бірақ ол тұрғын үй аймағынан небәрі 900 метр қашықтықта орналасуы тиіс болды.

«Осы жоба Департамент жанындағы сараптама кеңесінің отырысында мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қаралды. Ұлттық экономика министрлігі белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, ет өңдеу кәсіпорынға санитарлық қорғаныш аймағы 1000 метрді құрайды. Осыған байланысты, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экологиялық департаменті жобаны іске асырудан бас тартып, нысанды қаладан тыс жерде салу туралы мәселені көтерді», - деп хабарлады Энергетика министрлігінен.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT