Энергетика министрлігі ШҚО-да көмір қымбаттауына қатысты жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы көмір бағасының күрт қымбаттауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұған дейін шығысқазақстандық БАҚ көмір бағасының екі есеге артқанын, әр тоннасы 8000 теңгеден сатылған көмірді алыпсатарлар 17 мың теңгеге дейін қымбаттатқанын хабарлаған еді. 

«Разрездегі көмір бағасы айтарлықтай қымбат емес. Разрезден тұтынушыға жеткенше бағаның өсуіне темір жол тарифтері мен делдалдық ұйымдардың (алыпсатарлардың) үстемеақысы әсер етіп отыр. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі редакция сауалына. 

Сондай-ақ, министрлік көмір бағасын белгілеу, саудалық реттеу және делдалдық құрылымдарды алып тастаудың ҚР Энергетика министрлігі құзыретіне кірмейтінін атап өтті. 

«Сауда қызметін реттеу, тауар биржаларын мемлекеттік реттеу, аймақтық даму және нарық субъектілеріне монополияға қарсы әрекет ету - ҚР Энергетика министрлігінің құзырында», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар