Энергетика министрлігі мұнай өндіруші компанияларды қорғау шараларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мұнай өндіруші компанияларды мұнай бағасының күрт құлдырауынан қорғау үшін заңнамада қандай шаралар көзделгені туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсет Мағауов Президент берген тапсырмаларды іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы жұмыс сапарымен еліміздің мұнай өңірлерді аралап, мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізгенін хабарлады. Өңірлердің мұнай өндіруші және мұнай сервистік компания басшыларымен кездесулер өтіп, онда көтерілген мәселелер қазіргі уақытта Үкіметпен қарастырылуда.

Әсет Мағауовтың айтуынша мұнай бағасының төмендеу салдарын төмендету мақсатында мұнай өндіру компаниялары үшін заңнама келесі жағдайларды көздейді.

«Ренталық салықты мұнай бағасына байланыстыру. Ренталық салық мұнай бағасына бекітілген. Яғни, 1 баррель үшін баға 60 АҚШ доллары болған жағдайда ставка экспорт құнынан 11 пайыз болса, онда 40 АҚШ долларынан кем баға жағдайында ставка 0 пайызды құрайды. Екіншіден экспорттық кедендік баж салығын мұнай бағасына байланыстыру. Экспорттық кедендік баж салығы да мұнай бағасына бекітілген. 1 баррель үшін баға 60 АҚШ доллары кезінде ол 1 тоннаға 60 АҚШ долларын құрайды. Ал 1 баррель үшін баға 40 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 40 АҚШ долларын құрайды. 1 баррель үшін баға 35 АҚШ доллары болған жағдайда ол 1 тоннаға 35 АҚШ долларға теңеседі», - деді ол.

Вице-министр сонымен қатар бағаның күрт төмендеуіне байланысты мұнай нарығындағы жағдайды тұрақты деп айтуға болмайтынын жеткізді.

«Әйтсе де мұнай өндіруші компанияларға қолдау көрсету үшін бізде барлық құрал бар. Біз қазіргі жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз. Өндіру көлемі қысқартылған жоқ және олар бұрынғы режимде жүргізілуде», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар