+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Энергетика министрлігі мұнай өңдеуге қатысты жоспарды жариялады

2020 жылғы 18 мамыр 18:50
Бөлісіңіз:
Энергетика министрлігі мұнай өңдеуге қатысты жоспарды жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов биыл Қазақстанда қанша мұнай өңделетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде ішкі өңдеу мұнай өндіру көлемімен шартталмаған. Мұнай өңдеу көлемін бірінші кезекте ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптастырамыз. Болжам бойынша биылға өңдеу жоспары 17 млн тонна көлемінде белгіленді», - вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әсет Мағауов елімізде бензинге сұраныс төмендегенін айтты.

«Көптеген елдерде індетке қарсы шараларды енгізуге қатысты жанар-жағармайды пайдалану көлемі төмендеді. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бензинді пайдалану көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91 пайызды құрады. Биылғы сәуір айында 222 мың тонна отын жағылды, бұл көрсеткіш ақпан айына қарағанда 30 пайызға төмен (319,6 мың тонна)», - деді вице-министр

Мұнай өнімдерін пайдалану көлемінің төмендеуі аясында жанар-жағармай қалдықтарының артуы байқалды.

Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Аи-92 маркалы бензинінің қоры 379 мың тонна құрады. Бұл көлем шамамен 44 күнге жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT