Энергетика министрлігі көмір саласын ИДМ-ға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көмір саласы Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«2017 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Кодекске сәйкес  Инвестициялар және даму министрлігі қатты қазба байлық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленді, оның құзыретіне қатты қазба байлық бойынша (көмірді қоса алғанда) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жатқызылады. 

2018 жылғы 29 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес қазіргі уақытта көмір саласына қатысты барлық мәселелер Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде», - делінген хабарламада.

Көмір саласы мәселелерін беруге байланысты өту кезеңінде Энергетика министрлігі және Инвестициялар және даму министрлігі «2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындыққа, оның өтуіне мониторинг және электрстансаларын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы» бірлескен бұйрықты қабылдады.

Соңғы жаңалықтар