+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Энергетика министрлігі газ экспортының төмендеу себебін атады

2019 жылғы 12 қараша 11:42
Бөлісіңіз:
Энергетика министрлігі газ экспортының төмендеу себебін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 айында Қазақстанның газ экспорты көлемі төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады Исекешев, Рау, Бақауов: Қазақстандағы алғашқы энергия үнемдеу саласындағы марапат иегерлері анықталды

«Биылдың 10 айы ішінде газ өндіру көлемі 46,3 млрд текше метрді құрады. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 1,5 және 10 айдың жоспарынан 2,8 пайыз артық», - деді ол.

Оның дерегінше, тауарлық газ өндіру көлемі 27,12 млрд текше метр болды. Бұл 2018 жылдың 10 айындағы көрсеткіштің 98,6 пайызына тең. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,8 млрд текше метрді құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

«Газ экспорты 15,3 млрд текше метр немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 91,1 пайызды құрап отыр. Экспорт көлемінің төмендеуі газды ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты болды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,6 млн тоннаны құрады», - деді бірінші вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT