Энергетика министрі Жаңаөзендегі жағдай туралы: Өз жауапкершілігімді түсініп отырмын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған мұнай газының нарығын электронды сауда алаңына көшіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмегенін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолы мен Жаңаөзенде болған жоқпын. Бірақ бұған дейін Жаңаөзенде бірнеше рет болғанмын. Кеше вице-министр дереу сол жаққа аттанды. Ол сол жерде кездесулер өткізіп, зауыт басшылығымен, желі иелерімен жұмыс істеп жатыр. Мен өз жауапкершілігімді сезінемін. Ондай жауапкершілікті сезінбесеме, Энергетика министрі ретінде қалай жұмыс істей аламын? Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмеген шығар» - деді министр.

Сондай-ақ ол сұйытылған газ бағасын элтектронды сауда алаңына шығару реформасы 2018 жылы басталғанын, біртіндеп ырықтандыру үш жыл көлемінде жүргенін атап өтті.

«Мен бұл министрлікті басқарғаныма 3,5 ай болса да, өзімнің жауапкершілігімді толықтай түсініп отырмын», - деді ведомство басшысы.

Брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы жанармай стансалары ұсынған баға газ нарығында қашанға дейін сақталуы мүмкін екені туралы пікір білдірді.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты Ақтау қаласына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкіметтік комиссия баратынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар