Энергетика министрі мұнай-газ-химия саласында іске асатын ірі жобаларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай-газ-химия саласында ел экономикасына 8,6 млрд доллар инвестиция тартатын 2 жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай-газ-химия саласында бірқатар ірі жобаларды, атап айтқанда полиэтилен және бутадиен өндірісі бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр.

Оның дерегінше, полиэтилен жобасы бойынша бүгінгі таңда «СИБУР» компаниясымен ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол қойылды. Ал бутадиен жобасы бойынша осы жылдың мамыр айында «Татнефть» компаниясымен стратегиялық серіктес ретінде жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде.

«Бұл жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасына шамамен 8,6 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар