Энергетика министрі электр энергиясының қымбаттауының бірнеше себебін атады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр энергиясы қымбаттауының бірнеше себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, елімізде электр энергиясының қымбаттауына бірнеше себеп бар.

«Ең бірінші себеп – бірқатар стансалар үшін отын бағасының өсуі. Тағы бір себебі, электр энергиясының құнына станса қызметкерлерінің жалақысын 20-30%-ға арттыру енгізілген. Бізде энергетиктердің жалақысы төмен. Ал, бұл кадрлардың саладан көптеп кетуіне әкеліп соқтырды», -дейді Болат Ақшолақов.

Оның дерегіне қарағанда, Қазақстанның энергетика жүйесінде жабдықтар мен желілер тозған.

«Біз осыған орай стансалар мен желілердегі бағалауды ішінара аяқтадық. Стансалар ескі болғандықтан, бізде өте ауыр генерация бар. Жаңғырту мен жөндеу қажет болса, біз мұны қолға аламыз. Бірақ, жаңа стансаларды салу қажет. Мен 2035 жылға дейін электр энергиясын тұтынудың болдамын айта аламын. Бұл – 150-160 млрд кВтсағ шамасында. Қазір 114 млрд кВтсағ электр энергиясын тұтынамыз. Егер жаңасын салмай, ескі стансаларды пайдалана берсек, онда 150-160 млрд кВтсағ-тың 90150-160 млрд кВтсағ-ты ғана жаба аламыз. Сол себептен, жаңа стансалардан 17,5 млрд кВтсағ электр энергиясын іске қосуды жоспарлап отырмыз», -деп мәлім етті Энергетика министрі.

Болат Ақшолақовтың айтуына қарағанда, Қызылордада электр стансасын салу жоспарланған. Алматыдағы энергия торабын, жылу-электр орталығында үш стансаны жаңғырту жүріп жатыр. Бұдан басқа да нұсқалар қарастырылуда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының ауылдарын газдандыруға 1 млрд теңге бөлінгенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар