Энергетика министрі Екібастұздың көмір разрездерінде болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге «Богатырь» және «Шығыс» көмір разрезінде болды.

 Мұнда еліміздегі көмірдің 60 пайызы немесе 65 тоннасы өндіріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

 Қанат Бозымбаевтың айтуынша, ол өзінің орынбасарларымен бірге республикадағы барлық көмір өндіретін өңірлерді аралап шыққан. Оған қатты аяз кезінде көмір тапшылығы туралы тараған қауесет себеп болған. -    Менің орынбасарларым Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын аралап шықты, - дейді ҚР Энергетика министрі. - Өз басым әдейілеп кеше кешкісін Екібастұзға келдім. Жиын өткізіп, сол жерде болып жатқан жағдаймен таныстық. «Шығыс» және  «Богатырь»  кеніштерінде ілгерілеу бар екені байқалады. Үлкен разрездердің екі-ақ жылдың ішінде қуаттылығын айтарлықтай арттырған разрездер таң қалдырды. Біз   шынымен қатты аяз салдарынан қаңтар айында кейбір  шағын және орта разрездерде көмір өндіру және экспортқа, импортқа жеткізу бойынша бір аптаға тоқтап қалғанын белгіледік. Дегенмен бұл жағдайдың жүйе қалыптастырушы «Богатырь» мен «Шығыс» разрездеріне қатысы жоқ. Алайда пневматика қолданған жерлерде механизммен қиындық болған, дегенмен бүгінде ішкі нарықтағы айырмашылық жабылған. Ақпан айында орнын толтыру керек. Демалыс күндері ел бойынша көмірдің бар-жоғын анықтау үшін мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде 3-4 ауданда ғана уақытша көмір жетіспейтіні белгілі болды. Ол жерге көмір автомобильмен жеткізіледі екен. Үкімет отырысында әкімдерге тапсырма берген болатынмын. Мәселе бақылауға алынған.

 «Богатырь көмір» ЖШС-нің бас директоры Марат Әбдіғұловтың айтуынша, 2017 жылы көмір разрезі тұтынушыларға 40 млн 900 мың тонна көмір жеткізген. Оның ішінде 1 млн 400 мың тонна - бюджеттік ұйымдар мен халыққа арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір. Отынның 60 пайызы экспортқа жұмсалса, қалған 40 пайызы еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша разрездегі көмір өндіру 17 пайызға артқан. -    Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жоспарға сай көмір тиелген, - деді Марат Әбдіғұлов. - Бүгінгі таңда коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бағасы бір тонна үшін  2133 теңгені құрайды. Биылғы баға тіркелді. Былтыр 1850 теңге болған. Елімізде көмір тапшылығына байланысты туындаған дүрлігудің «Богатырь» кенішіне қатысы жоқ. Себебі  разрезде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің тоғыз тоннасы ғана өндіріледі. Біздің басты тұтынушыларымыз - ГРЭС, ЖЭО және қазандықтар.  

 Кәсіпорын директорының сөзіне сүйенсек, «Богатырь» көмірмен еліміздің солтүстік өңірлерін - Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысын қамтамасыз етеді. -    2018 жылы 41 тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, - деді Әбдіғұлов. - Биыл циклді-ағымды технология бойынша көмір өндіру келісімшартын  қайта қалыпқа келтірдік. 2021 жылы алғашқы, 2023 жылы екінші кезеңді аяқтаймыз. Бұл көмір өндіру көлемін арттыруға және көмірдің өзіндік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның екі желі бойынша жалпы құны - шамамен 80 млрд теңге. Биыл бірінші кезеңді жүзеге асыруға кірістік. 2019 жылы «Богатыр» кенішінде байыту фабрикасын іске қосуды көздеп отырмыз.   ЕЭК АҚ «Шығыс» разрезінің директоры  Юрий Гончаров министрге өз кәсіпорны тұтынушыларына көмір тасымалдау бойынша қиындық туындамайды деп сендірді.   -    2017 жылды ойдағыдай аяқтадық, - дейді спикер. - Көмір өндіру 17 млн тоннаны құрады. 2018 жылды өндірісті 18 млн тоннаға дейін арттыру жоспарымен бастап отырмыз.  Біздің барлық инфрақұрылымды дамыту бойынша үлкен  жоспарларымыз бар. 2017 жылы басталған барлық инвестициялық жобаларды жалғастырамыз. Қазіргі күні бізде әкімшілік-тұрмыстық комбинаттың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Екібастұзда үй салып жатырмыз. Бұдан бөлек, өнімділікті арттыруға және өнімнің бағасын түсіруге бағытталған инвестициялық жобалар, № 2 циклді-ағымды кешеннің құрылысы бар. Биыл оның бірінші кезегін - конвейерлік желі мен жылына 10 млн текшеге уатқыш құрылғысын іске қосуды ойлап отырмыз.  

null  

Ал «Восточный» директоры кәсіпорында «энергетикалық» көмір өндірілетінін атап өтті. - Жеке меншік иелері шамамен 60 мың тонна көмір тиеді. Бұл бүгінгі күні біз жауып отырған қажеттілік емес. Біз фракциялық көмір өндірісін бастаған едік және көмірді байыту бойынша жобаны әзірлеудеміз. Бұл жобаны іске қосқаннан кейін тұрғындарға көмір жеткізуге де салмақты қарайтын боламыз, - деп уәде берді Юрий Гончаров. Көмір разрезінің директоры биыл кәсіпорын фракцияланған көмір бойынша жаңа желіні іске қосу жоспарда бар екенінен хабардар етті. - Жабдық сатып алынды. Үстіміздегі жылы жаңа желі құрамыз және фракцияланған көмір өндірісін арттырамыз. Оны аз ғана жағу арқылы жылуды көбірек алуға болады, - деді спикер.

 Энергетика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар айында қазақстандық компаниялармен 9,3 млн тонна көмір өндірілген. 

Соңғы жаңалықтар