Ендігі мәліметтер нақты бола түспек - Электронды денсаулық сақтау орталығының басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы департаментінің директоры Данияр Мақашев коронавирусқа қатысты бірыңғай статистикаға көшу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәліметтерді тіркеу тұрғысынан алып қарағанда бұл тәсілге көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асқаны дұрыс болды», - дейді Данияр Мақашев.
Оның айтуынша, біздің мемлекет статистиканы біріктіру туралы ДДСҰ ұсынысын шілде айының басында алған.
«Диагнозды емдеуге арналған хаттамада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәл осы коронавирусты есепке алу бөлімін ұсынған және 15 шілде күні біз диагнозды емдеудің ішкі хаттамаға енгізген болатынбыз. Тиісінше, біз медицина қызметкерлерін оқытудың дайындық кезеңінен өттік - оны да ескеру керек. Шілде айында барлық медициналық қызметкерлерді дұрыс есеп жүргізуге үйрететін семинарлар өткізілді. Енді коронавирус туралы мәліметтер нақтырақ болады», - дейді ол.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
- ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын талап ету міндетті емес деп санайды
- Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды
- Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал
-
Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
-
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты аурухана-изолятор салына бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам