+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Енді тұрғындар қабылдауыма электронды кезекпен жазылатын болады - Алматы әкімі

2020 жылғы 19 ақпан 13:35
Бөлісіңіз:
Енді тұрғындар қабылдауыма электронды кезекпен жазылатын болады - Алматы әкімі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі азамат әкімнің қабылдауына кіре алмай жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ылғи осындай кездесулерде адамдар кіре алмай жатқанын айтып жиі шағымданады. Шынымдай айтсам, кезек қалай жылжитынын білмейді екенмін. Бұл менің көңілімді алаңдатады. Бірақ мен бәрін қабылдап тыңдауға әзірмін. Осы орайда Цифрландыру басқармасына тапсырма бердім. Енді менің қабылдауыма кезек электронды жүйемен жүретін болады. Адамдар ХҚКО, банктердегідей кезегін электронды платформа арқылы, интернет арқылы бақылап отырады», - деді әкім.

Қала басшысы әкімдік аппаратына мүмкіндігі шектеулі азаматты жеке қабылдауға жазуын тапсырды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, халықтың сауалдары оңтайлы шешімін табу үшін I-azamat платформасы құрылады.

Тұрғындардың жеке ауласына қатысты ірілі-ұсақты сауалдарын тыңдап болған соң әкім қалада арнайы талқылау платформасы керектігін айтты.

«Тұрғындардың ірілі-ұсақты сауалдары ортақ мәмілеге келу үшін талқылауды қажет етеді. Осы мақсатта қалада I-azamat платформасы құрылады. Кейбір ұсақ сауалдардың өзі егер жүйе ашық болмаса, ақпарат қолжетімді болмаса үлкен сауалға айналады. Сол үшін осы платформа ашылады. Онда дауыс беру жүйесі, талқылау жүйесі болады», - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT