Енді шағын көлемді кемелерді техникалық куәландырудың қажеті жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелеріне қатысты ҚР кейбір заңнамалық актілерінің өзгерістері күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған сәйкес, шағын көлемді кемені техникалық куәландыруға қатысты уәкілетті органның функциялары алынып тасталды. 

Енді шағын көлемді кемелерді қолдану қауіпсіздігін бақылау тек байқау кезінде жүргізіледі.

Сонымен бірге кейбір шағын көлемді кемелердің ұзындығы 20 метрге дейін баратындықтан, «палубалы шағын көлемді кеме» ұғымы енгізілді. Олардың техникалық куәландырылуы «Қазақстанның кеме жүзу регистрі» РМКК берілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген шағын көлемді кемелердің саны 18 мыңға жетеді. Олардың 872-сі - палубалық кемелер.

«Қабылданған өзгерістер жеке және заңды тұлғалар мен меншігінде шағын көлемді кемелері бар кәсіпкерлер үшін әкімшілік тосқауылдарды 95 %-ға қысқартуға, габаритті және техникалық жағдайы күрделі шағын көлемді кемелердің техникалық бақылауын өткізуге, шағын көлемді флотта қауіпсіздік деңгейін арттыруға, бюджеттік шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар