Енді қазақстандықтар дәрігер кеңесін онлайн режимде ала алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына» өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді қазақстандықтарға мына мамандардың кеңесін онлайн режимде алуға мүмкіндік ұсынылады:

- Реабилитолог;

- Логопед;

- Психолог;

- Терапевт;

- Педиатр;

- Хирург;

- Акушер-гинеколог;

- Оториноларинголог;

- Кардиолог;

- Пульмонолог;

- Ревматолог;

- Невропатолог;

- Инфекционист;

- Аллерголог;

- Эндокринолог;

- Гастроэнтеролог;

- Офтальмолог;

- Гематолог;

- Нефролог;

- Уролог;

- Андролог;

- Геронтолог;

- Дерматовенеролог;

- Иммунолог;

- Травматолог-ортопед.

«Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», - деп түсіндірме берілген министр бұйрығына.

Құжат 25 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар