Енді «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің 236 жоғары оқу орнында білім алады. Ал биылдан бастап білім ордаларының қатары кеңейе түспек.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта жазылғандай, биыл QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings сияқты халықаралық академиялық рейтингтер жаңартылды. Осыған баланысты «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік оқу орындарының қатары кеңейеді.

Атап айтқанда, қазақстандықтар енді «Болашақпен» мына университеттерге түсе алады:

- Сан-Паулу университеті (Sao Paulo университеті);

- Лувен католиктік университеті (Université Catholique de Louvain);

- Берлиндегі Гумбольдт университеті (Берлин Гумбольдт университеті);

- Помпеу Фабра Университеті (Universidad Pompeu Fabra);

- Падуа университеті (Università di Padova);

- Сычуань университеті (Sichuan University);

- Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (Southern University of Science and Technology);

- Лозанна федералды политехникалық мектебі (Swiss Federal Institute of Technology Lausanne);

- Ухань Университеті (Wuhan University);

- University of California, Santa Cruz.

Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасын техникалық мамандықтарға бағдарлау үшін инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларды даярлауға арналған мынадай француз және венгр жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік ұсынылады:

- Жоғары басқару, ақпараттық технологиялар және коммуникация мектебі (IMT);

- Жоғары инженерлік мектеп (ESTP);

- Лионның ұлттық қолданбалы ғылымдар институты (INSA);

- Ұлттық Көпірлер мен жолдар мектебі (ParisTech);

- Гренобль Альпі университеті (Гренобль политехникалық институтын қамтиды);

- Лотарингия Университеті;

- Страсбург Университеті;

- Пуатье Университеті;

- Бордо Университеті;

- Экс-Марсель Университеті;

- Лион Жоғары Инженерлік Мектебі;

- Нант Жоғары Инженерлік Мектебі;

- Бордо саяси зерттеулер институты (Science Po Bordeaux)

- Сегед университеті;

- Дебрецен университеті.

«ЖОО тізімінің қолданыстағы редакциясында 236 ЖОО бар. Осы толықтыруды ескере отырып, олардың саны 28 елден 261 оқу орнына дейін ұлғаяды», - деп түсіндірме берілген бұйрық жобасына.

Құжат 15 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске сала кетейік, 5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады.


Соңғы жаңалықтар