Енді айыппұлды мобильді баланстағы ақшамен төлеуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазпочта» АҚ eGov.kz порталында ұялы телефон балансы арқылы айыппұл, баж салықтарын және тағы басқа төлемдерді төлеу сервисін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан былай KCell және Билайн мобильді операторларының абоненттері айыппұлды, баж салығын және тағы басқа төлемдерді банктік картаны қолданбай-ақ, баланстағы ақшамен төлей алады. Ол үшін порталдағы белгілі бір қызметті алу барысында «Ұялы телефон балансының көмегімен төлеу» тәсілін таңдау керек.

«Өз деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізген кезде абонент бір реттік SMS-паролін растағанда, айыппұлдың онлайн-төлемі жүргізілетін болады. Мұнымен қоса, төлем туралы чек порталдағы «жеке кабинетте» сақталады» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жаңа тәсілден басқа төлем картасының немесе электрондық әмиянның көмегімен де төлем жасауға болады.

Соңғы жаңалықтар