Енді ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ға дейінгі мөлшері әкімдікке тиесілі болмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен арадағы ақылы тұрақ туралы шарттың талаптарын қайта қарау жоспары туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, енді серіктестік табысының 25%-ға дейінгі сомасын қалалық бюджетке бағытталмақ.

«Орта есеппен табыстың 25%-на дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте айыппұлдардың барлық сомасы қала бюджетіне түсетінін атап өтеміз», - деп жауап берді әкімдіктен тілші сауалына орай.

Құзырлы орган дерегінше, мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу мемлекеттік әріптеске – 5%, жеке серіктеске – 95% мөлшерінде белгіленген.

Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен арадағы әлеуметтік-жеке меншік әріптестік келісімшарт қайта қаралатынын айтқан болатын.

«Бір сөзбен айтқанда ақылы тұрақтардың жұмыс форматы қайта қаралды. Нақтырақ айтсақ, орналасатын орындары, жұмыс істейтін уақыттары, тарифі қайта қаралады. Бүгінгі кездесуде кәсіпкерлердің ақылы тұрақтардың жұмысына байланысты жаңа ұсыныстар айтты. Оның бәрі ескеріледі», - деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар