Енді АӘК қалай тағайындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектің үш түрі көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқы орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда бұл отбасыға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы отбасы болса, мен атап өткен көмектің барлық үш түрін алады», - деді министр.

Сонымен қатар ол мүдегек баласы бар отбасыларға қамқор болу - министрліктің ең басты мақсаттарының бірі екендігіне назар аудартты.

«Мамыр айында 2025 жылға дейін мүгедектер құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. Аталған жоспардың аясында өте көп жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ұлттық жоспар аясында мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету көзделген.

«16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға шілде айында мөлшері ұлғайған жәрдемақы бар. Қазіргі уақытта ол 42 500 теңгені құрайды. Ал 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек жасөспірімдер де 35 мыңнан 57 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Мұнан бөлек, заңнамада 18 жасқа дейін мүдегек баланы және 18 жастан асқан 1 топтағы мүгедекті тәрбиелейтін ата-анасы да, қамқоршысы да мемлекеттен 41 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады. Ең бастысы - отбасының аз қамтылғанын анықтау барысында мүдегек балаларға төленетін жәрдемақылар отбасы табысының құрамында есепке алынбайды», - деді Б.Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар