+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Еңбекмині мен Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылғы 15 қыркүйек 20:24
Бөлісіңіз:
Еңбекмині мен Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (бұдан әрі – ҚЕБҚ) онлайн-кездесу өткізді. Онда тараптар Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелерін талқылап, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ елшілігімен бірлесіп Павлодарда әйелдерге арналған бизнес-академия ашылады Жаңа формат оңтүстік пен солтүстік арасындағы көшті жандандырады - Ерболат Әбілхатин

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚЕБҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Досымбеков, ҚЕБҚ атқарушы директоры Юлия Кусаиди және ҚЕБҚ басқа да мүшелері қатысты.

Онлайн-кездесу барысында еңбек және көші-қон заңнамасының өзекті мәселелері, атап айтқанда, персоналды ұсыну, қызметкерлерді іссапарға жіберу, қашықтықтан жұмыс істеу, шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыспен қамтудың жаңа нысандары және т.б. мәселелер талқыланды.

Ақмәди Сарбасов баяндама жасады. Спикер еңбек қатынастарын заңнамалық деңгейде реттеу және Қазақстан жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері туралы айтып берді.

Онлайн-кездесудің соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пен ҚЕБҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Досымбеков Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде тараптар инвестициялық тартымдылықтың өсуі, еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру, Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін бірлескен күш-жігер жұмсайтын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT