Еңбекақы бойынша мерзімі өткен қарыз сомасы 1,2 млрд теңгені құрап отыр - Үкімет сағаты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбекақы бойынша ықтимал қарызды анықтау үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түспей жатқан жарналар бойынша кәсіпорындардағы жұмысшылар санын көрсете алатын, сонымен қатар еңбекақы бойынша ықтимал қарызды байқататын ақпараттық жүйені әзірлеп, әкімдіктерге дейін жеткіздік»,-деді Дүйсенова Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта еңбекақы бойынша мерзімі өткен қарыз сомасы 1,2 миллиард теңгені құрап, оның 75 пайызы банкрот кәсіпорындар мен сауықтыру рәсімімен қамтылған ұйымдарға тиесілі.

«Үшжақты комиссияның отырыстарында еңбекақы бойынша қарыздары бар 294 кәсіпорындар қаралды. Ағымдағы жылдың 8 айында 17 жұмысшының алдындағы 2,2 миллиард теңге еңбекақы қарызы өтелді»,-деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар