28.08.2022 11:12 Күн сайын 560 метр тереңдіктегі шахтаға түсеміз– кеншімен сұхбат НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде Қазақстан кеншілері өздерінің кәсіби мерекесі – Шахтерлер күнін атап өтеді. Мереке тәуелсіз Қазақстанда Кәсіби мерекелер тізбесіне 2003 жылғы қарашада енгізілген болатын. Осынау атаулы күні мерекенің шығу тарихы, қай елдерде атап өтілетіні, сонымен қоса Қазақстандағы кеншілердің жағдайы жөнінде шолу-материал дайындауды жөн санадық. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.
09.06.2022 08:27 Ақтауда WorldSkills Kazakhstan чемпионаты басталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жұмысшы мамандар арасындағы «Worldskills Kazakhstan 2022» VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2022 12:50 Түркістан облысында 500 мұғалім санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2022 19:28 Үкімет кәсіпорындардағы еңбек дауларын шешу үшін қандай жұмыс жүргізіп жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау жөнінде Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2021 11:16 Дәурен Абаев мемлекеттік марапаттардың «құнсыздануы» туралы пікір білдірді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекеттік марапаттардың «құнсыздануы» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2021 14:40 Әкем жер астынан – су, мен мұнай іздедім – Қазақстанның Еңбек Ері АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіз елдің жоғары марапаты – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген Руслан Қуатов 40 жылға жуық мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. «Бала күнімнен мұнайшы болуды армандадым. Бұған әкемнің «Жеріміздің астында тұнған байлық бар. Оны елдің игілігіне жаратуға үлесіңді қос» деген бірауыз сөзі ықпал етті. Әкем жер астынан су іздеді. Ал мен мұнай іздедім», деген мұнайшы салаға келу жолы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.11.2021 14:37 Тыл ардагері видеоролик байқауында үздік болды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еңбек және тыл ардагері Надежда Непомилуева мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман үздік бейнеролик байқауында жеңіске жетті.
02.11.2021 14:56 Қарағандылық кеншілер әулеті «Еңбек жолы» республикалық байқауының лауреаты атанды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Осакаров ауданы Молодёжный кентінде тұратын Куриндер кеншілер әулеті «Еңбек жолы» республикалық байқауында үшінші орынға ие болды. Марапаттау «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.09.2021 20:44 Степногор жастары еңбек ардагерлерімен кездесті КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Степногор қалалық жастар ресурстық орталығы «Jana urpaq STEP» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Еңбек күніне орай еңбек ардагерлерімен «Еңбек адамы» тақырыбында ұрпақтар кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.09.2021 10:46 Мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 706 кәсіпорнында 20,1 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 430 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.10.2020 15:52 Алматыда қандай мамандар жетіспейді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласын дамыту орталығы қалық цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып мегополис тұрғындарының жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.09.2020 17:40 Бақыттың кілтін еңбектен тапқан Ешімовтер отбасы КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жарты ғасырдан астам уақыт өмір айдынында қол ұстасып бірге жүзіп келе жатқан ақмолалық Ақылбек пен Гүлсім Ешімовтер отбасының жеткен жетістігі мен алған асуы келешек ұрпақ үшін үлгі өнеге боларлықтай. Биыл бұл бақытты жұптың шаңырақ көтергеніне 53 жылдың жүзі болыпты. Отағасы Ақылбек еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында құқық қорғау органдары саласында биік белестерге жетсе, жан жолдасы Гүлсім қаржы саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.09.2020 17:26 Еңсебаевтар әулеті қандай еңбек жолынан өтті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні. Жыл сайын елімізде еңбекқор қазақстандықтарды анықтайтын «Еңбек жолы» байқауы өтеді. Өткен жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясында елордалық Еңсебаевтар әулеті бірінші орын алған еді. Әулеттің еңбек өтілі 600 жылды құрайды. Бұл әулеттің барлық мүшесі теміржол саласында жұмыс істейді. Мереке күні қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі әкесі Көкенай Еңсебаевтың еңбек жолын жалғастырған Роза Дүйсенбековамен әңгімелескен болатын.
27.09.2020 13:40 Татьяна Чучупалова: Әр отбасының үйінде текемет пен құрақ болуы керек ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны Татьяна Чучупалова ұлттық үлгідегі құрақ-көрпені насихаттап жүрген жандардың бірі. Текемет пен жастықша, қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген тәпішке мен сөмке жасау – оның сүйікті ісі. Қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін өзге ұлт өкілінің тігін өнерімен айналысып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған. 27 қыркүйек - Еңбек күніне орай ҚазАқпарат тілшісі Татьяна Чучупаловамен сұхбаттасып қайтқан еді.
27.09.2020 12:40 Еңбегімнің жемісін көріп келемін – атыраулық слесарь Рашид Алашбаев АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Атыраунефтемаш»ЖШС-нің жоғары санатты слесары Рашид Алашбаев пен оның әріптестері екі мерекеніатап өтеді. Оның бірі – Еңбек күні болса, екіншісі – Машина жасаушы күні. «Биыл дәлосы кәсіпорында еңбек еткеніме 33 жол толды. Бұрын алдыңғы буындағы аға толқыннанкөп нәрсені үйренген болсам, қазір өзім де солардың қатарына қосылдым. Еңбегімнің жемісін көріп келемін»,- дейді «Құрметті машина жасаушы» төлбелгісінің иегері Рашид Алашбаев.
27.09.2020 11:00 Орман өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды – Қайрат Бегімбетов АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда қыркүйек айының ең соңғы жексенбісі еңбек күні деп белгіленген. Бұл мереке өз ісінің нағыз маманы болған еңбек майталмандарын ұлықтауға арналған. Сонымен қатар, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда елімізде еңбек династиясы баршылық. Солардың бірі, орманшылар әулеті– Бегімбетовтер. Іле Алтау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшысы Қайрат Бегімбетов ҚазАқпарат тілшісіне еңбекпен өрілген өмірінен сыр шертті.
02.06.2020 10:46 «Еңбек» бағдарламасы аясында 184 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 184 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.05.2020 18:01 «Социалистік еңбек ері» атағына ие азаматтардың жәрдемақысы екі есе артады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде «Қазақстанның Еңбек ері» мен «Социалистік еңбек ері» атағына ие азаматтар алатын жәрдемақы теңестірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2020 18:05 Қорқыныш барлық уақытта болады - өрт сөндірушімен сұхбат НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 мамыр Халықаралық өрт сөндірушілер күні саналады. Әрине, бұл атаулы датаның ресми мәртебесі жоқ. Бұл күн 1999 жылы Австралияда орман өртін сөндіру барысында ажал құшқан өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін еске алу мақсатында бекітілген. Осындай қауіп-қатер аймағында жүретін мамандар қатарында елордалық өрт сөндірушілер де бар. Аталған атаулы датаға орай Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Ержан Жылыбековті әңгімеге тартқан едік.
07.03.2020 22:44 33 жыл қой бағып, алты бала өсірген ана: Адамды тәрбиелейтін - еңбек АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Шопан апа» атанып кеткен Күләш Оразалинаны өңір басшысы мерекеге орай құттықтап, арнайы сый жіберді. Кезінде 33 жыл қой бағып, төл басын көбейткен қария қазір бала-шағасының жанында бақытты ғұмыр кешіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.