«Еңбек жолы» республикалық байқауы: Жеңімпаздар үшін онлай-дауыс беру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында «Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн-дауыс беру кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылғы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларын анықтауға бағытталған байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 51 үміткер өтті.

Дауыс беру нәтижесімен республикалық комиссия «Үздік еңбек әулеті» (ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет), «Үздік жас өндіріс қызметкері» (5 жылдан артық емес жұмыс өтілі бар ең белсенді және еңбекқор өндіріс қызметкері) және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» (20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тәлімгер) номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.

«Онлайн дауыс беру биылғы 3 қарашаға дейін жалғасады. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау осы қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік инновациялар Жалпыға ортақ еңбек қоғамына апарар жол ретінде» атты республикалық форумда өтеді.

Әр дауыстың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық азаматын онлайн-дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы құрылған.

Соңғы жаңалықтар