+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының қорытындысы қаралды

2020 жылғы 5 тамыз 20:23
Бөлісіңіз:
«Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының қорытындысы қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың биылғы 7 айдағы қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуына кім жауапты

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 335 мың қазақстандық қамтылғанын хабарлады.

Дегенмен, бірқатар өңірлерде бағдарламаны іске асырудың қарқыны төмен екендігі байқалады: Нұр-Сұлтан қаласында - шағын несие, грант беру, жастар практикасы бойынша; Алматы қаласында - жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бойынша; Атырау облысында - тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 6,3 мың жоба іске асырыла бастап, 153 мың жұмыс орны ашылғаны баяндалды.

Қостанай облысында жұмысқа орналастыру бойынша төмен қарқын тіркелді; басқа аудандардан келгендерге көтерме ақы төлеу бойынша Алматы қаласында, Түркістан және Ақмола облыстарында орындалмай отыр.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктерінің есептерін тыңдап, халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысты жандандыру жөнінде жедел шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ отырыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларының тиімділік өлшемдері бекітілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің алдымызда Бағдарламаға бөлінген 1 трлн теңгені барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Әрбір жоба бойынша әлеуметтік-экономикалық тиімділік мұқият бағаланатын болады: қанша жаңа жұмыс орны құрылды, салық түсімдерінің өсу қарқыны, адамдардың тұрмыс сапасына әсері және т. б. Бағдарламаның тиімділігін Үкімет ерекше бақылауда ұстайды», — деп қорытындылады Е. Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT