Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2021 жылдың жұмысы қорытындыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның 2021 жылғы жұмысын қорытындылап, қазақстандықтарды келе жатқан 2022 жылмен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қымбатты қазақстандықтар! Өткен 2021 жыл еліміз үшін 2020 жылы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келуге байланысты қиын болды. Пандемиямен және оның салдарымен күрес Үкіметтен індеттің таралуын тоқтату және сонымен бірге халық пен ел экономикасы үшін елеулі теріс әсердің алдын алу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауды талап етті.

Бұл ретте, күрделі жағдайға қарамастан, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді» - делінген Серік Шәпкеновтің үндеуінде.

Министрдің айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7% - ға, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5% - ға ұлғайды.

Республикалық бюджеттен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік әлеуметтік топтама беруге жалпы алғанда 5 млн алушыға 3,7 трлн теңге бағытталды.

«Ағымдағы жылдың 11 айында әлеуметтік тәуекелдер басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдермен жалпы сомасы 309 млрд теңгеге 1,1 млн адам қамтылды.

11 айда 198,1 мың отбасының 988,8 мың адамы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Еңбекке қабілетті алушылардың 75%-ы жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылған. АӘК алатын отбасылардан шыққан 514,5 мың бала кепілдік берілген әлеуметтік топтамалармен қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік саладағы 670 мың қызметкердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылды: білім беруде – 25%, денсаулық сақтауда – 20-30%, әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 50%», - деді ол.

Министрдің келтірген мәліметіне сәйкес, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың номиналды табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8% – ға, ал нақты мәнде – 3,6% - ға өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243,7 теңгеге жетті, бұл өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 19% - ға жоғары. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 8,8% - ды құрады.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, халықты жұмыспен қамту бойынша үлкен жұмыс жүргізілген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамтудың жол картасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1,3 млн. адам қамтылды.

«Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы 5%-дан үшінші тоқсанда 4,9% - ға дейін, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 4-тен 3,7% - ға дейін төмендеді.

2021 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 23,1 мың жұмыскердің алдындағы жалақы бойынша берешек өтеліп, оларға 5,3 млрд теңге төленді», - деді министр.

Оның айтуынша, былтыр мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру бойынша да үлкен жұмыс жүргізілген. 12 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Құжатта: мүгедектіктің I тобы бар адамдарды күту және оларға ілесіп жүру бойынша бірыңғай жәрдемақыны енгізу; алынатын жәрдемақыны ұлғайта отырып, 7 жастан бастап балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу; мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрғын үй кезегін сақтау көзделеді.

«Нәтижесінде 15,1 мың адам I топтағы мүгедек адамдарға күтім жасау бойынша жәрдемақы алды, 52,7 мың бала мүгедектік топтары бойынша бөлінді, 2,8 мың адам бір мезгілде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар тұрақты тұратын немесе қызмет алатын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізілді», - деді Серік Шәпкенов.

Министрдің хабарлауынша, әлеуметтік және кәсіби бейімдеу мақсатында республиканың барлық өңірлерінде 19 «Ten Qogam» орталығы жұмыс істейді. Әлеуметтік оңалту қызметтерін кеңейту үшін балаларға арналған 6 шағын жинақты оңалту орталығы ашылды.

«Министрлік мүгедектікті сырттай анықтау бойынша пилоттық жобаны Қазақстанның барлық өңірлерінде іске асыруға кірісті. Медициналық-әлеуметтік сараптама иесіздендірілген медициналық құжаттардың негізінде, сырттай, көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланыссыз жүргізіледі. Жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда өтініш берушілер тек медициналық ұйымға жүгінеді.

Бұдан басқа, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету үшін министрлік оларды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні біз қызметтердің 92% - ын цифрлауды қамтамасыз еттік, 45 қызметтің 41-і электрондық түрде көрсетіледі, олардың 21-і белсенді», - деді министр.

Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін Электрондық еңбек биржасы порталы жұмыс істейді. Енді ресурста жұмыспен қамту орталықтарының қызметтері қолжетімді, кәсіби бағыттардың кең спектрі бойынша онлайн курстар сервисі іске қосылды, жұмыс пен кадрларды іздеу ЕАЭО елдері шеңберінде «Шекарасыз жұмыс» жобасы шеңберінде мүмкін болды.

«Өткен жылы еліміздің игілігі үшін жауапты еңбек етіп, әрі қарай оның дамуына өз үлесін қосуға дайын барлық адамдарға алғыс айтқым келеді. Алдағы жыл бізге жаңа перспективалар ашады, яғни жаңа міндеттер пайда болады.

Біздің міндетіміз – азаматтардың өмір сүру сапасының өзгеруіне қол жеткізу. Бұған тек бірлескен қажырлы еңбекпен қол жеткізуге болады. Бұл біздің қолымыздан келетініне сенімдімін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерінің және өңірлердегі әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі мен еңбекқорлығы осындай сенімділіктің негізі болып табылады», - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қазақтандықтарды жаңа жылмен құттықтады.

«Құрметті әріптестер мен отандастар! Сіздерді келе жатқан 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Біз онымен өз өміріміздегі жақсы өзгерістерге, туған еліміздің сенімді дамуына үміт артамыз.

2022 жылы халқымыздың өмір сүру сапасы одан сайын артсын, отбасы мен рухани құндылықтарымыз нығая түссін деп шын жүректен тілеймін! Келер жыл еліміз үшін жақсылық пен жасампаздық жылы болсын! Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, әр шаңыраққа амандық, бақыт пен махаббат, қуаныш пен өзара түсіністік тілеймін!» – деді ол.


Соңғы жаңалықтар