Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БҰҰ өкілімен кездесті

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 29-ында Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс Еуропа және Орталық Азия  елдері бойынша тұрғылықты халық саласындағы БҰҰ-ның суб-аймақтық кеңсесінің директоры Николай Ботевпен және Қазақстандағы ЮНФПА бағдарламасының үйлестірушісі Александр Консухинмен кездесті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жүздесу барысында демографиялық мәселелер қаралды. Осы орайда бұл тұрғыдағы проблемаларды шешудің бағыттарының бірі -қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.

 БҰҰ болжамы бойынша, Қазақстанда қарт адамдардың саны артатын болады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 11,5 пайызды құрауы мүмкін. Бүгінде елімізде 65 жастан асқан азаматтардың саны 7,7 пайызды құрайды.

 Бұл саладағы мемлекеттік саясаттың мақсаты - қарт адамдарды өз қалауынша еңбекке тартуға мүмкіндік жасау. Зейнеткерлік жастағы қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі жұмыс істеуін жалғастыруда.

Айта кетейік, қарт адамдардың жұмысты жалғастыруы экономикалық тиімділіктің жоғарылауына ықпал етпек. Сондай-ақ егде жастағы адамдардың мол тәжірибесін жастарды кәсіби даярлауға пайдалану тиімді. Қызметте жүрген зейнеткерлер қоғамның еңбек әлеуетін толықтырып, ресурстардың қалпына келуіне ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар