Еңбек саласындағы кемсітушілік үшін жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта тең еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу бойынша кемсіту фактілеріне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік заңнама түрінде жоқ. Сол себептен жұмыскерлердің құқықтары осы жағынан толықтай қорғалмай отыр. Осыған байланысты заң жобасында жұмыскердің лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларына құқығын белгілеу және әкімшілік заңнамаға тең еңбек жағдайлары бойынша кемсіту фактілеріне жол бергені үшін жұмыс берушілерді жауапкершілікке тартуға негіздеме енгізуге ұсынылады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Бұдан басқа, қолданыстағы Еңбек кодексі бойынша жұмыскердің әскерге шақырылуы еңбек шартын тоқтатуға негіз болады. Осыған байланысты мерзімді әскери борышын өтеп жүрген азаматтың жұмыс орнын сақтау, сондай-ақ оларға жалақысы сақталмайтын демалыс беру бойынша жұмыс берушінің міндеттерін бекіту ұсынылады. Бұл ретте жұмыскердің әскерден қайтып келгеннен кейін бір айдың ішінде өз жұмысына кірісу міндеті де бекітіліп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, заң жобасы еңбек қатынастарын, әлеуметтік серіктестікті, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін реттеуге бағытталған.

«Заң жобасындағы еңбек қатынастарын реттеу саласына қатысты негізгі өзгерістерге тоқталсақ, еңбек шарттарын жасасу және есепке алу процесін автоматтандыру мақсатында «еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесі» деген ұғым енгізіліп отыр. Аталған шара жұмыскерлердің еңбек өтілін, біліктілігін, жұмыс орнын растау тәртібін жеңілдетуге, жұмыскер туралы расталған ақпарат алуға және сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар