Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі экономист Олжас Төлеуов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бұрын AERC (Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының жеке мекемесі) басқарушы директоры болған.

Олжас Төлеуов 1990 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін бітірген. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистрі. Вусонг университетінің (Корея Республикасы) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің Орталық банкінде, Чехия мен Швейцарияның Ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ESCAP) тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Қарағанды облысының Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығында бастаған. 2013 жылы AERC бизнес талдаушысы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2018 жылға дейін ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде іс-тәжірибеден өтуші, жетекші талдаушы және бас талдаушы лауазымдарын атқарды. Ол Қазақстанның ақша-несие саясатына инфляцияға қарсы режимді енгізуге белсенді қатысты.

2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін - AERC директорының орынбасары, басқарушы директор.

Ұлттық банктің магистратурасында және Оқу орталығында, Назарбаев Университетінің магистратурасында және Ломоносов атындағы ММУ-нің қазақстандық филиалында сабақ беру тәжірибесі бар.

Он шақты ғылыми және публицистік мақаланың авторы.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің жанындағы Талдау және әлеуметтік-экономикалық реформаларды мониторингтеу орталығының мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар