+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге сай кәсіптік стандарттар керек - Мамин

2019 жылғы 4 желтоқсан 18:15
Бөлісіңіз:
Еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге сай кәсіптік стандарттар керек - Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кәсіптік стандарттар әзірлеу мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасында ҚР денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту келісімі жасалды Маминнің АҚШ-қа сапары: Америкалық агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

«Кәсіптік стандарттарды әзірлеу жұмыстарын біз Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2012 жылы бастадық. Бүгінгі таңда 480 кәсіптік стандарт әзірленген. Олар 2,7 мыңнан аса кәсіпті қамтиды. Бізге қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге сай келетін кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламалары қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биыл 17 мамырда өткен жұмыспен қамту және еңбек мәселелері жөніндегі кеңесте айтқан болатын», - деді көшпелі отырысты ашқан Премьер-Министр.

Сонымен қатар Асқар Мамин Мемлекет басшысы 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін Жаңа кәсіптер атласын әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырғанын атап өтті. Оның негізінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярланатынын айтты.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жаңа кәсіптер мен құзыреттердің туындауына түрткі болды. Біз бұған әзір болуымыз керек. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар әлеуметтік әріптестіктің барлық тарапының - мемлекеттің, бизнестің, кәсіподақтардың үйлестірілген іс-қимылын талап етеді», - деді А. Мамин.

Отырыста біліктіліктердің салалық негіздемелері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу нәтижелері туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, білім беру бағдарламалары мен типтік оқу жоспарларын әзірлеу туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және басқалары баяндама жасады.

Жиын соңында Үкімет басшысы Премьер-Министр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіптік стандарттарды бекітуді жылдамдатуды және Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру стандарттарын өзектендіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұдан әрі жаңа кәсіптік стандарттарды әзірлеу бастамасы мен тапсырыс нақты өндірістің қажеттіліктерінен түсуі тиіс. Жұмыс беруші өзіне қандай маман керек екенін анықтауы керек», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, сұранысқа ие кадрларға тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT