Еңбек нарығында қаржыгерлер мен есепшілерге сұраныс жоғары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еліміздегі ең жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басында әлі де есепшілер мен қаржыгерлер тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz сілтеме жасап.

2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда экономикалық белсенді азаматтардың саны 9,19 миллионды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен. Олардың 8,75 миллионы тұрақты жұмыспен қамтылғандар, қалған 443,6 мыңы – жұмыссыз азаматтар.

Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 6,67 млн адам жалданып жұмыс істейді. Ал, 2,1 млн адам – өзін өзі еңбекпен қамтығандар.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін HeadHunter зерттеу орталығы әзірлеп шықты. Орталықтың мәліметінше, 2019 жылы бос жұмыс орындар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,68 пайызға артқан. Ал, жұмыс іздеушілер саны 2,3 миллион адамға жеткен.

Сұранысқа ие мамандықтар көшін сауда саласы бастап тұр (18,2%). Одан кейін есепші және мекеме қаржысын басқару (8,3%). Әкімшілік сала (7,2%), ақпараттық технологиялар, интернет және телеком (6,5%), банк, инвестиция және лизинг (6,5%).

Бос жұмыс орындарын ұсынатын қалалар көшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды бастап тұр.




Соңғы жаңалықтар