Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысында тиісті шаралар қабылдануда - министр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 58 пайызды құрайды.

 Бұл туралы бүгін Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының бесінші Бас Ассамблеясының аясында өтіп жатқан «Саясаттағы әйелдер рөлі» тақырыбындағы секция жұмысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әдбіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде «Нұр Отан» партиясымен бірлесе мемлекеттік және қоғамдық саяси жұмыстарға тарту үшін арнайы даярланған әйелдерден тұратын кадрлық резерв құрылуда. Елімізде бұл үшін елеулі база қалыптасқан. Атқарушы органдарда әйелдердің саны жыл сайын артып отырғанын атап өткен Г. Әбдіхалықова, бүгінде Парламент Мәжілісінде өткен шақырылымға қарағанда  әйелдер саны екі есеге артып, жалпы депутаттар санының 17 пайызын құрайтынын жеткізді.

 

«Орталық атқару органдарында бүгінде 1 министр, агенттіктердің 2 төрайымы, 5 вице-министр, 4 жауапты хатшы - әйелдер. Министрдің айтуынша, аймақтық деңгейде республика бойынша облыс әкімінің 3 орынбасары, 4 аудан әкімі әйелдер болып табылады. Экономика саласында гендерлік теңдік мәселесіне тоқталған ол, «Бұл бағытта әйелдердің экономикалық саладағы жетістіктері бойынша олардың кәсіпкерлікпен айналысуы, сондай-ақ еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысында шаралар қабылдануда», деді.

Соңғы жаңалықтар