Еңбек министрлігі тағы 4 әлеуметтік төлемді sms арқылы тағайындай бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілігі мен босануына, асыраушысынан және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдерді енді проактивті форматта жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осылайша, мемлекет азаматқа sms-хабарлама жіберу арқылы қызмет көрсету процесіне бастамашылық жасайды. Оған жауап берген және банктік шоттың нөмірі расталған кезде төлемдер автоматты түрде қысқа мерзімде тағайындалады. Қызметті проактивті форматта алу үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Мұны egov.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында жасауға болады», - делінген министрліктің ақпаратында.

Бұған дейін жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ асыраушысынан және жұмысынан айрылуға қатысты төлемдерді алу үшін ХҚКО-ға, жұмыспен қамту орталықтарына немесе құжаттар тізімімен egov.kz-ке жүгіну қажет болатын. Қызмет көрсету мерзімі бір аптадан 30 күнге дейін созылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазірдің өзінде бала туу бойынша және батыр аналарға жәрдемақыны проактивті түрде тағайындайды, сондай-ақ зейнетақы тағайындау бойынша кешенді форматта қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар