Еңбек министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтаса жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат елордада өтіп жатқан «Қазақстандағы көші-қон: Проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел аясында рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық көші-қон ұйымы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің байырғы әрі сенімді серіктесі саналады. Жыл сайын біз жұмыстардың бірлескен жобасына қол қоямыз. Оның аясында тренингтер, зерттеулер өткізіп, көші-қон саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлейміз. Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымының БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі агенті ретінде жаңа мәртбесін ескере отырып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып отырмыз», - деді құжатқа қол қойған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Ал құжатты Халықаралық көші-қон ұйымы тарапынан рәсімдеген ХКҰ-ның Орталық Азия бойынша үлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев меморандум тек заңдық негіз қалап қана қоймай тараптардың көші-қон саласындағы ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге және нығайтуға ниетті екенін білдіретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар